ДОКТОРАНТУРАҒА (PHD) ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Докторантураға «Магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер қабылданады

Докторантураға түсу үшін маңызды күндер

  1. Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы МЗЖҰ қабылдау комиссияларымен бірлесіп, 1 қарашадан 15 қарашаға дейін жүргізіледі.
  2. Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейін өңірлік тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізіледі.
  3. Мемлекеттік грантқа Конкурс 13-25 желтоқсан аралығында өтеді.
  4. Университетке қабылдау мерзімі 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады
Докторантура мамандықтары
Докторантураға үміткерлер шет тілін білудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
ағылшын тілі
неміс тілі
француз тілі
  • IELTS Academic шекті балл кемінде –  5,5

  • TOEFL IBT шекті балл кемінде – 46

  • TOEFL PBT шекті балл кемінде – 453

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NiveauВ2 / В2 деңгейі)

  • TestDaF-Prufung (Niveau В2 / В2 деңгейі)
  • Test de Franзais International™ – (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес)

  • Diplome d’Etudes en Langue franзaise – (DELF (ДЭЛФ),  B2 деңгейі)

  • Diplome Approfondi de Langue franзaise – (DALF (ДАЛФ), В2 деңгейі)

  • Test de connaissance du franзais – (TCF (ТСФ) – 50 балдан кем емес)
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін университеттің қабылдау комиссиясы тексереді.
Емтихан комиссиясының құрамына жетекші ғалымдар - доктор дәрежесі бар оқытушылар, сондай-ақ Нархоз университетінің профессорлары мен зерттеушілері кіреді.
Нархоз университеті докторантурасының артықшылықтары
  • инновациялық білім беру ортасында оқыту
  • білім беруші профессорлардың сапалы құрамы
  • шетелдік университетте ғылыми тағылымдамадан өту
  • оқыту және зерттеу үшін барлық қажетті ресурстардың болуы; жоғары деңгейдегі инфрақұрылым
  • «Қаржы» «Есеп және аудит», «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестердің болуы.
  • шет жақтан келген студенттер үшін жатақхананың болуы
Қабылдау сұрақтар
Байланыс мәліметтері
Телефон: +7 (747) 364 88 99
e-mail: admission@narxoz.kz
1-ші шағын аудан, 81. Алматы қ., Қазақстан, 050062