Менеджмент (ҒПМ)

Экономика және менеджмент мектебі
1200000,00
тг.
Магистратура "Менеджмент"

Болашақта өзіңізге не керегін білесіз бе? Егер мақсатыңыз айқын болса, еңбек нарығында бәсекелесе алатын, сұранысқа ие маман болуға ықыласты болсаңыз, Менеджмент бағытындағы магистратураға түсу арқылы өз таңдауыңызды дұрыс жасап жатырсыз. Оған қоса, Нархоз Бизнес Мектебінің Менеджмент бойынша магистратурасын аяқтағаннан кейін, сіз PhD бағдарламасына оқуға түсе аласыз.

Біздің бағдарлама басқару және бизнес, консалтинг менеджменті саласындағы мамандарды дайындауды көздейді. Сіз ұйымдағы менеджментті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін, әдістері мен ұстанымдарын қолдану дағдыларын меңгересіз. Сондай-ақ, қазіргі заманауи кәсіби басқарушыға керекті әрі онымен біртұтас түсінілетін дағдылар мен құзыреттерді меңгеріп, кешенді шешімдер жасауды үйренесіз.

Меңгерген кәсіби құзыреттер басқару мен консалтингті табысты жүргізудің мынадай алғышарттарын қамтамасыз етеді: ұйымның операциялық және стратегиялық жоспарын құру, ұйымның қызметін бағалау, персоналды басқару әдістерін жасау, корпоративтік ішкі ақпараттық және операциялық жүйелерді құру, бизнесті құру және/немесе дамыту жобаларын басқару, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, маркетингтік кешенді жұмыстарды жасау және басқа да осы сияқты қызықты жұмыстарды іске асыру.

Бағдарлама деректерді талдау, үлкен ауқымды ақпараттармен жұмыс істеу, стандартты емес міндеттерді шешу, мәдениеті мен дүниетанымы сан түрлі серіктестер ортасында басқару және қарым-қатынас жасау дағдыларын ағылшын тілінде дамыту, пікір айтуға дайын болу және адамдармен ортақ тіл табыса алу сияқты аса қажет дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге жақсы мүмкіндік береді.




Пәндер комбинациясы: Менеджмент + Бизнесті ұйымдастыру

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 2 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі (кешкі)

Другие программы