Маркетинг (ҒПМ)

Экономика және менеджмент мектебі
1200000,00
тг.
Магистратура - "МАРКЕТИНГ (ҒПМ)"

Маркетинг – бұл бизнесті оқып үйренудің ең өзгермелі әрі тартымды саласы. Ұлттық әрі ғаламдық нарықтардағы турбулентті орта жағдайында заманауи инновациялық әдістер, инструменттер мен цифрлық технологиялар арқылы бәсекелестіктің артықшылықтарын және маркетингтік қызметті басқаруға қабілетті маркетинг магистрлеріне әрдайым зәру, үздіксіз даму үстіндегі индустрия.

Нарық конъюктурасы мен бизнестің жаңа даму бағыттарын анықтауға көптеген жылдарыңызды кетірген болсаңыз, бәлкім, Сіз тоқырау сезіміне ұшыраған боларсыз, өміріңізге жаңа өзгерістер енгізгіңіз келетін шығар… Мансапқа жету немесе аралас әрі жақын салаларға қызмет бағытын ауыстыру - көптеген адамдар үшін бұл мәселені шешудің басты жолы болып табылады. Бүгінгі іскерлер әлемінде мансапқа жету - басшылықтың үнемі артып отыратын талаптарын қанағаттандыратындай бәсекеге қабілетті білімді талап етеді. Бұл мәселені жедел шешу үшін шебер деген мамандардың өзі маркетинг саласындағы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін университеттерге қайта оралып жатыр.

Магистратура бағдарламасы брендті және сатылымды басқарудан бастап, цифрлы маркетинг және өнім жасаумен байланысты заманауи озық маркетингтік тұжырымдамалар мен маркетинг менеджментінің үздік бизнес-кейстерін оқуға бағытталған. Сонымен қатар, Нархоз Бизнес Мектебінің магистратурасын аяқтағаннан кейін PhD бағдарламасына оқуға түсуге мүмкіншілігіңіз бар.




Пәндер комбинациясы: Экономикалық теория + Макроэкономика

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 2 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі (кешкі)

Другие программы