Халықаралық экономикалық құқық

Халықаралық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
900000,00
тг.

Бакалавриат "Халықаралық экономикалық құқық"

Бұл бағдарлама Ресейдің алдыңғы топ ЖОО қатарына кіретін ірі университеттерінің бірі – Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетімен бірлікте іске асырылмақ.
"Халықаралық экономикалық құқық" бағдарламасы мемлекеттік органдар мен халықаралық және мемлекетаралық құрылымдардың, экспорттауға бағдарланған трансұлттық компаниялардың тарапынан заңгерлерге күн санап артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасалып отыр. Бұл бейін бойынша түлектер іргелі және қолданбалы білімдер алады, сондай-ақ ұлттық заңнама саласында, аймақтық және халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеумен байланысты халықаралық құқық саласында практикалық құзыреттерге ие болады.
Қазіргі жағдайда халықаралық экономикалық жүйені реттеуде маңызды рөл атқаратын халықаралық үкіметаралық ұйымдарға (Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік сауда ұйымы т.б.) қатысты құқықты оқып-білу – маман даярлаудағы басты бағыт болып саналады. Бағдарлама аясында ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде, оның негізгі бағыттары мыналардан тұрады: экономикалық қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық, қаржылық реттеудің халықаралық стандарттары, ДСҰ құқығы, инвестициялық және сауда дауларын құқықтық реттеу және т.б.
Бағдарлама экономикалық және қаржылық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу саласында қажетті біліктіліктер мен құзыреттерге ие кадрларды даярлауға бағытталған. Дайындық барысында студенттердің назары халқаралық қаржы-экономикалық қатынастарды реттейтін түрлі халықаралық-құқықтық актілерді өз бетімен талдау, халықаралық құқық нормасы мен ұстанымдарына негізделетін халықаралық өмірдің өзіндік құбылыстарын жүйелі қарастыру біліктерін, халықаралық экономикалық ұйымдардың ұсыныстарын қолдану жолдары мен мүмкіндіктеріне объективті баға бере білу қабілетін дамытуға аударылады.




Пәндер комбинациясы: Адам Қоғам Құқық + Дүние жүзі тарихы

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі

Другие программы