Бизнестегі цифрлық технологиялар: мәлеметтерді талдау және практикалық шешімдер (ҒПМ)

Цифрлық технологиялар мектебі
1200000,00
тг.
Магистратура - Бизнестегі цифрлық технологиялар: мәлеметтерді талдау және практикалық шешімдер (ҒПМ)

«Бизнестегі цифрлық технологиялар: деректерді талдау және шешім жасау тәжірибесі» магистрлік бағдарламасы ІТ-индустрияның заманауи үрдістеріне жауап береді: ғылым, техника және экономиканың жаңа салаларын игеруде аналитикалық, зерттеушілік, әдістемелік және технологиялық құзыреттерді меңгерген, инновациялық цифрлы экономика үшін керекті және деректермен жұмыс істей алатын аналитиктерді дайындайды. Бұл бағытта деректерді өңдеудің математикалық модельдерін және есептеу алгоритмдерін, сондай-ақ жалпы әрі арнайы маманданған салалардағы деректерді талдау алгоритмдерін құруды, ерекше ауқымды әрі күрделі, құрылымы жетілмеген деректерді заманауи технологиялар арқылы өңдеуді тәжірибеде қолдануды қарастырады.


Пәндер комбинациясы: Алгоритмдер және деректер құрылымы + Деректер базасы

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 2 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі (кешкі)

Другие программы