Экономика (ҒПМ, БМ)

Экономика және менеджмент мектебі
1200000,00
тг.
Магистратура "Экономика"

Бұл бейіндік магистратура бағдарламасы өз мансабын мемлекеттік қызметтен басқа да қызметтерде жүзеге асырғысы келетін өр жүректі жандарға арналады. Бағдарлама аналитиктер мен зерттеушілерге, орта және ірі бизнес менеджерлеріне, жеке кәсіпкерлерге, инновациялық инфрақұрылым мамандары үшін арнайы жасалған. Бағдарламаны мемлекеттік және жергілікті басқару ісінің белгілі практик мамандары, зерттеу орталықтарының қызметкерлері жүргізеді. Біз магистрлерді өз мойнына жауапкершілік алуға, басқарушылық шешімдерді өз бетімен қабылдауға, сыни ойлауға, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге үйретеміз.

Бағдарламаны сәтті аяқтап, диссертация қорғағаннан кейін "Экономика және бизнес магистрі" академиялық дәрежесі беріледі.




Пәндер комбинациясы: Экономикалық теория + Макроэкономика

Оқыту тілі: Қазақша, орысша

Оқыту мерзімі: 2 және 1 жыл

Оқыту формасы:: күндізгі (кешкі)

Другие программы