МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарына Оқуға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес ЖОО мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, докторантурасына, резидентурасына оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖОО мен ғылыми ұйымдардың Қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Маңызды даталар:

Өтініштерді қабылдау: күнтізбелік жылдың 18 маусымнан 15-і шілдеге дейін.
Кешенді тестілеудің өту уақыты: күнтізбелік жылдың 20 шілдеден 10-шы тамыздың аралығында.
Білім беру грантын тағайындау конкурсы: конкурсқа қатысуға өтінімдер 10-25 тамыз аралығында қабылданады.
Оқуға қабылдану мерзімі: күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін.

КТ-ға тіркелу
Өту баллы:
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура (100 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-2 САҒАТ 40 МИНУТ
кемінде 50 балл, оның ішінде:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Ақылы бөліміне түсу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура (100 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-2 САҒАТ 40 МИНУТ
кемінде 25 балл, оның ішінде:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура (150 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-3 САҒАТ 55 МИНУТ
кемінде 75 балл, оның ішінде:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Ақылы бөліміне түсу үшін қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратура (150 балдық шкала)

ТЕСТІЛЕУ УАҚЫТЫ-3 САҒАТ 55 МИНУТ
кемінде 50 балл, оның ішінде:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Кешенді тестілеудің өту форматы:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- ағылшын тілі бойынша тест (ағылшын, француз, неміс тілдері таңдау бойынша);
- бейіндік білім бағдарламаларының тобы бойынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша немесе орысша тест
Ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- бейіндік білім бағдарламалары тобы бойынша ағылшынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша, орысша немесе ағылшынша тест (таңдау бойынша)
Егер Сіз шет тілінен тест тапсырғандығыңыз туралы және/немесе GRE тестілеу сертификатының иегері болсаңыз:


-Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілдерінен) тест тапсырғандығы туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл қосылады.
Қажетті деңгейді білу

- GRE стандартты тестілеу халықаралық сертификаты баллын қазақ және орыс тілді магистратураның КТ баллына көшіру шкаласы

-
GRE стандартты тестілеу халықаралық сертификаты баллын ағылшын тілді магистратураның КТ баллына көшіру шкаласы
Нархоз Университеті бағдарламалары бойынша қазақ немесе орыс тілді магистратураның кешенді тестілеу пәндері:
Магистратураға оқуға түсу үшін Қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттар тізімі
Магистратураға оқуға тапсыратын құжаттар тізімі:
  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжат;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. ұлдарға арналған тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  5. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  6. 075/у нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті;
  7. шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
  9. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).
«Магистр» дәрежесі бойынша мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖББ Қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:

  1. белгіленген үлгідегі бланкіге жазылған өтініш;
  2. жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды ЖЖББ Қабылдау комиссиясына тапсырарда түпнұсқа сұралады);
  3. КТ сертификаты (құжатты ЖЖББ Қабылдау комиссиясына тапсырған жағдайда);
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 "Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжат формаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6697 нөмірімен тіркелген) 086-У формалы медициналық анықтама қағазы;
  5. жеке куәлік көшірмесі;

Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.
Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.
Жауапты тұлға: Адиль Толегенов      +7 701 111 11 78      adil.tolegenov@narxoz.kz.