Кущегалинова Әсел Қазкенқызы - Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің директоры, кеңес мүшесі. Мектеп оның жетекшілігімен туризм және қонақжайлылық, экология, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс салаларында болашақ мамандарды дайындайды.
Әсел Қазкенқызы Пәнаралық білім беру орталығының жұмысын, барлық 1 курс студенттеріне арналған Liberal Arts бағдарламасын, дуальды білім беру бағдарламаларын және Foundation бағдарламасын дамытуды қадағалайды.
Бұған дейін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Жылпы білім беру факультетінің деканы қызметін атқарған, Дания консулдығында тәжірибесі бар, Абай атындағы ҚазҰПУ шет тілдері кафедрасын басқарған және «Қаржы академиясы» АҚ халықаралық қатынастар бөліміне жетекшілік еткен. Лестер университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша «Applied Linguistics and TESOL» мамандығында оқыды, филология ғылымдарының кандидаты. Бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
E-mail:
assel.kuchshegalinova@narxoz.kzЖұмыс тел.: 87273771811
Кабинет: 534