1. MBA және ЕМВА бағдарламалары бойынша университетке оқуға түсуші/білім алушы, ата-анасы (ата-аналары) университетте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеген және университеттің немесе оның еншілес ұйымдарының қызметкері болып келетін тұлғаларға жылдық оқу ақысына 20% жеңілдік беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
оқу ақысын азайтуға өтініш;
Университетте/еншілес ұйымдарда жұмыс істейтіндігі туралы жұмыс орнынан жұмыс істеген жылдары көсетілген анықтама
білім алушының туу туралы куәлік көшірмесі
2. Ақылы негізде білім алушы, университетте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеген университет қызметкерлеріне - жылдық оқу ақысына 20% жеңілдік беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
қызметкердің өтініші;
жұмыс орнынан жұмыс істеген жылдары көрсетілген анықтама.
3. Корпоративтік клиенттер үшін - егер МВА, ЕМВА немесе DBA білім беру бағдарламаларында бір компаниядан бірнеше (екі және одан көп) адам оқыса - от 1%-дан 20%-ға дейін жеңілдік беріледі. Оған қатысты шешім Университет Басқармасының мәжілісінде қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
оқу ақысын азайту туралы тапсырыс берушінің өтініші.
4. MBA, ЕМВА білім беру бағдарламаларына оқуға түсуші, 72 сағат көлеміндегі орташа мерзімді бағдарламаларды бітірушілерге орташа мерзімді бағдарламада оқуға алдын ала төленген сома көлемінде жеңілдік беріледі, оқыған пәндері есепке алынады.
Қажетті құжаттар тізімі:
оқу ақысын азайту туралы өтініш;
оқудан өткендігін растайтын құжат (сертификат, біліктілікті арттырғаны туралы куәлік, диплом) бұл категорияға кіретін Тыңдаушыларға оқу ақысын азайтуға өтініш беруге және өтілген пәндерді есепке алуға негіз болады.
5. Қызыл дипломмен бітіруші (бакалавриат бағдарламасын), бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратураның магистрлік бағдарламаларына оқуға түсушілерге/оқитындарға - оқудың жылдық ақысына 10% көлемінде жеңілдік беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
бітірушінің өтініші;
жоғары оқу орнын бітіргені жөніндегі диплом көшірмесі, диплом қосымшасының көшірмесі
6. «Верный Капитал» компаниялар тобының қызметкерлеріне - НБШ: МВА, ЕМВА, ДБА, Қолданбалы қаржы магистратурасы, Халықаралық аудит және салық салу БМ, Халықаралық аудит және салық салу ҒПМ бағдарламаларында бір оқу жылы үшін жылдық оқу ақысына 20% көлемінде жеңілдік беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
қызметкердің өтініші;
жұмыс орнынан анықтама.
7. Қолданбалы қаржы (ҚҚБ) - білім беру бағдарламасында оқу үшін жылдық оқу ақысына 50% көлеміндегі білім гранты беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
ҚҚБ бағдарламасына оқуға түсердегі білім грантын алуға жазған өтініші.
Білім гранты ҚҚБ бағдарламасына оқуға қабылданғаны туралы бұйрық шыққанға дейін, оқуға түсу емтиханының нәтижелері бойынша және ҚҚБ жетекшісінің немесе ҚҚБ бағдарламасын үйлестіруші проректордың ұсыным хаты бойынша беріледі.
ҚҚБ білім грантының иегері әрбір академиялық кезең (декада, семестр) нәтижелері бойынша және GPA анықтау әдістемесімен есептегендегі сандық эквивалент бойынша 2,67-ден 4 балл аралығындағы үлгерімді көрсетуі тиіс.
Ескерту: академиялық қарызы болған жағдайда білім алушы білім грантынан айырылуы мүмкін