English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Гайд

Құрметті студент, бұл парақшаға студенттік өмірге қажетті барлық маңызды ақпаратты жинастырдық.
Мұқият оқып, керекті жерінде әрбір тармақты толтыруға кеңес береміз. Іске сәт!

Корпоративтік пошта

Студенттің корпоративтік поштасы - бұл оқу орнымен іштей және сырттай қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін электрондық пошта.

Поштаны міндетті түрде пайдаланыңыз, өйткені онда күн сайын ең өзекті деген ақпараттар:
  • ректордың жолдау сөзі;
  • алдағы оқиғалар;
  • тренингтер;
  • мәлімдемелер;
  • жаңалықтар келіп тұрады.
Корпоративтік поштаңызды белсенді ету үшін келесі қадамдарды орындау керек:
1-Қадам: gmail.com сайтына өтіңіз;
2-Қадам: SMS-хабарламаны алғаннан кейін сізге жіберілетін логин мен парольді енгізіңіз;
3-Қадам: қауіпсіздікті арттыру үшін пароліңізді ауыстырыңыз.

Логин және пароль жазылған SMS барлық студенттерге 1 қыркүйекке дейін келеді!!!

ЕГЕР сіз логин және пароль жазылған SMS алмаған болсаңыз, 1 қыркүйектен кейін Студенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз: banner.support@narxoz.kz

Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Студенттерге қызмет көрсету орталығы - студенттерге:
-транскрипт беру;
-оқитындығы туралы анықтама беру;
-жол жүру билеті және кампус картасы;
-сіз туралы жеке және байланыс ақпаратындағы, оқудағы өзгерістер;
-жатақханада тұру;
-пәндерге тіркелу;
-жазғы семестр;
-академиялық ұтқырлық;
-оқу ақысы, жеңілдіктер;
-университет басшылығына жүгіну

мәселелері бойынша көмек көрсетуге бағытталған университеттің құрамдас бөлігі.
Студенттерге қызмет көрсету орталығына қалай хабарласуға болады?
  • сайтына өтінім қалдырсаңыз болады;
  • өз өтініміңізді front-office1@narxoz.kz поштасына жіберуіңізге болады;
  • немесе, ең тезі - +7 (727) 346 64 64 нөміріне телефон соқсаңыз болады

(сіз тек ыңғайлы байланыс құралын таңдасаңыз болды)

Narxoz Mobile

Narxoz Mobile - бұл Нархоз Университетінің студенттерге арналған мобильді қосымшасы, онда сіз:
  • сабақ кестесі;
  • бағаларыңыз;
  • маңызды телефон нөмірлер;
  • қаржылық көрсеткіштер;
  • жаңалықтар
туралы ақпараттарды таба аласыз.

Әлеуметтік желілер

@narxozkz - бұл Нархоз Университетінің ресми instagram аккаунты, онда оқу орнындағы өмір туралы барлық маңызды ақпараттар жарияланады.
@narxoz_life - студенттік өмірге арналған парақша. Айтпақшы, бірінші курстарға арналған бағдарлау аптасы осы жерден жүргізілетін болады.
@narxoz_admission - instagram парақшасы - Нархоз Университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі.

Бағдарлау аптасының кестесі

27 тамыз: Ректормен тікелей эфир

Кестесі
17:00 - 18:00: Ректормен тікелей эфир

Студенттер Ректорға:
-оқу процесі, оқу формасы
-жатақхана, кітапхана туралы сұрақтарын қоя алады;
-Оқу ақысы 2020-2021 оқу жылы үшін көтерілмеді және ол азаймайды да.
-Оффлайн-режиміндегі оқуға қатысты мәселеде БжҒМ шешімін күтудеміз
-Оқытушылар сабақты оқу дәрісханаларынан жүргізетін болады
-Плагиат және көшіргені үшін студент оқудан шығарылады, оқуға қайта қабылдану құқығынан айырылады
-Жатақханада тұру: 2-орындықта - 1 адамнан, 3-адамдықта - 2 адамнан тұруға рұқсат.
-Әрбір қабат душ қабылдау кабиналарымен жабдықталған (бұрын тек 1-қабатта болатын)
-Жатақханада тұру үшін ПЦР анықтамасы керек
-Бас корпуста жөндеу жұмыстары басталды, онда оқу 2021 оқу жылының қыркүйегінде біртіндеп іске асырылады. Ғимаратты қолданысқа толық беру 2022 жылдың көктеміне жоспарланған.

28 тамыз: 1-Күн. "Білім беру"

Күннің мақсаты: студентке білім беру процесі қалай жүретінін жақсы түсіндіру үшін университеттің басты бөлімшелерімен және тәртібімен таныстыру.
Кестесі
10:00 - 10:15: "Narxoz Online" фильмінің 1-сериясын көрсету (Youtube channel)
11:00 - 11:20: Студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Бахыт Амансеиковамен тікелей эфир (Дина)
11:30 - 11:50: Қашықтан білім беру орталығының директоры Гүлиза Бөлекбаевамен тікелей эфир (Moodle) (Еликбай)
12:00 - 12:20: Халықаралық басқарма директоры Жайлагүл Сағындықовамен тікелей эфир (Дина)
12:30 - 12:50: Оқу-әдістемелік жұмыс және түлектермен жұмыс (түлектермен жұмыс және мансап бойынша жұмыс тобы) бойынша директордың орынбасары Саадат Мукамбетовамен тікелей эфир (Мира)
13:00 - 13:20: Ғылыми кітапхана директоры Жанна Мурзабаевамен тікелей эфир (Ахат)
13:30 - 13:45: "Narxoz Online" фильмінің 2-сериясын көрсету(Youtube channel)
14:00 - 14:20: Экономика және менеджмент мектебінің Деканы Дильбар Гимрановамен тікелей эфир (Дина)
14:30 - 14:50: Құқық және Мемлекеттік басқару мектебінің Деканы м.а. Медеу Құрманғалимен тікелей эфир (Ахат)
15:00 - 15:20: Қоғам, технологиялар және экология мектебінің Деканы Ewan Simpson мырзамен тікелей эфир (Асем)
15.30- 15.50: Ғылыми бөлім жетекшісі Андрей Шенинмен тікелей эфир (Мира)

29 тамыз: 2-Күн. "Спорт"

Күннің мақсаты: университеттің студенттерге беретін мүмкіндіктерімен таныстыру, студенттердің командалық рухын көтеру, спорттық жеңілдіктер, спорт секциялары мен іс-шараларға тарту
Кестесі
10:00 - 10:15: "Narxoz Online" фильмінің 3-сериясын көрсету
11:00 - 11:30: Тікелей эфир: Караваева Елена - "Дене тәрбиесі және спорт" орталығының директоры орталықтың жұмысы (секциялар, топтар, командалар), спортшыларға арналған жеңілдіктер туралы айтады (Дина)
11:40 - 11:55: Тікелей эфир: Мендекеева Айгүл - аға оқытушы. Арнайы емдік дене тәрбиесі туралы ақпаратпен бөліседі(Ахат)
11:55 - 12:10: Тікелей эфир: Сақтағанова Мадина - чирлидинг жаттықтырушысы. Фитнес-аэробика (Ахат)
12:20 - 12:35: Тікелей эфир: Хаирлиев Асқар - Нархоз Университеті спортклубының төрағасы, баскетболдан жаттықтырушы (Еликбай)
12:45 - 13:00: Тікелей эфир: Сушкова Евгения - үлкен теннис жаттықтырушысы (Мира)
14:00 - 14:15: "Narxoz Online" фильмінің 4-сериясы
14:30 - 14:45: Тікелей эфир: Бочарников Николай - футзал жаттықтырушысы (Еликбай)

30 тамыз: 3-Күн. "Шығармашылық"

Күннің мақсаты: студенттерді университеттегі студенттік ұйымдармен және өз дарынын, қабілетін көрсетуге берілетін мүмкіндіктермен таныстыру.
Кестесі
10:00 - 10:15: "Narxoz Online" фильмінің 5-сериясын көрсету
11:00 - 11:30: Студенттермен жұмыс жөніндегі Декан Баймұханова Динамен тікелей эфир (Ахат)
12:00 - 13:50: Студенттік ұйымдардың көшбасшыларымен тікелей эфир
14:00 - 14:10: "Narxoz Online" фильмінің 6-сериясын көрсету
14:30 - 16:20: Студенттік ұйымдардың көшбасшыларымен тікелей эфир

31 тамыз: "Шығармашылық"

Кестесі
11:00 - 16:20: Студенттік ұйымдардың көшбасшыларымен тікелей эфир
17:00 - 17:30: Психолог Мира Сағынғалимен және спикер Жанат Биржановамен тікелей эфир