Қазақстанның тұрақты дамуының ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан 2030 жылға дейінгі кезең ішінде тұрақты даму саласында күн тәртібін қабылдаған әлемнің 193 мемлекетінің бірі болып табылады.

Бұл мақсаттар бүкіл әлем дүниежүзілік көшбасшыларының үш жақты негізгі бағыт, яғни қоғам, қоршаған орта және экономиканы қамтитын адами әлеуетті дамытуға арналған маңызды тақырыбы ретінде тұрақты дамуға айрықша мән беру идеясына теңдессіз айнымастық танытуы болып есептеледі. Жаңа күн тәртібі жалпы адамзаттық,жан-жақты, трансформациялаушы және біріктіруші сипатқа ие. Онда барлық елдерге 2030 жылға дейін аса маңызды мәнге ие бес, атап айтқанда адамдар, планета, гүлдену, бейбітшілік және серіктестік салаларында барша адамзаттың мүддесі үшін бірлесіп әрекеттесуге үндеу бар.

Тұрақты даму орталығы (ТДО-ЦУР) Қазақстанда Премьер-министрдің өкімімен құрылған. Оның ішінде Премьер-министр орынбасарының төрағалығымен ТДО жөніндегі Координациялық кеңес және маңызды салалар бойынша бес салааралық оперативтік топ құрылды. Трансформациялық өзгерістер осы елеулі жаһандық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған шешімдер әзірлеуде Қазақстан мен әлемдік қауымдастыққа көмек көрсету үшін барлық секторларда да аса қажет. Қазақстандағы Тұрақты даму институты экологиялық мәселелердің нақты шешімдерін әзірлеуге бағытталған зерттеулерге ерекше назар аудара отырып, әрі серіктестік пен зерттеушілік бастамалар арқылы тұрақты даму мәдениетін құру жолымен Нархоз университетінде, Қазақстанда және бүкіл әлемде осы қайта құру мен түрлендіруге өзінің қомақты үлесін қосуға ұмтылады.
Устойчивое развитие в Казахстане