Нархоз кітапханасы барлық университеттер үшін ашық
Нархоз Университетінің ғылыми кітапханасы елдің барлық университеттерінің ғылыми зерттеушілері мен студенттеріне есігін ашады. Кітап қорымызда қажетті әдебиеттер болса, әркім «Қонақтарға» формасын толтырып, белгіленген уақытта кітапханаға келе алады.
Оқу залы қонақтарға аптасына жеті күн (жұмыс күндері – 9.00-ден 22.00-ге дейін, демалыс күндері – 9.00-18.00) қолжетімді, бір рет кіру – 600 теңге, KaspiPay.