Жаңалықтар (Новая страница)

Студенттердің тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.В. Кан, «Қазақстан тарихы» кітабының авторымен кездесу

28.10.2021 жылы Нархоз Университетінің Жоғарғы Гуманитарлық мектебі мен Ғылыми-ақпараттық орталық-Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен оқырман залында тарих ғылымдарының докторы, Нархоз Университетінің профессоры Кан Георгий Васильевичпен 1-курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесу аса қызықты әрі маңызды болды. Профессор тарих саласындағы зерттеулер жөнінде, шет елдерге жасаған ғылыми сапарлары, ондағы оқыған дәрістері жайлы қызықты мәліметтерді айтты. Шет елдік мамандардың Қазақстан тарихына қызығушылығы жоғары екенін ерекше атап өтті. Осындай қол жеткен жетістіктер, білім саласындағы оң өзгерістер тәуелсіздіктің арқасында деген ұстаз, жастарды сапалы білім алып, өз мамандықтарының үздігі болуға шақырды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жауаптар алды. Жалпы Георгий Канмен өткен бұл кездесу студенттер үшін де ерекше айтулы оқиға болды! Жақында профессордың жаңа оқулықтары кітапхана сөрелерінде пайда болады деп сенеміз.

Кан Георгий Васильевич - 300 -ге жуық ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде АҚШ, Еуропа, Қытай, Корея, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерде басылған 20 -дан астам монография, оның ішінде «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ұлтаралық келісім моделі» монографиясы (Астана, 2010.), «Ұлы дала тарихы» (Астана, 2015 ж.), сонымен қатар алты оқулық пен оқу -әдістемелік құралдар. Ханойда (Вьетнам), Сеулде (Корея Республикасы) өткен Қордың халықаралық конференцияларына қатысты. Джавахарлал Неру университетінде (Үндістан, Дели), Бургос университетінде (Испания) қонақ дәріс оқыды.












Кітапхана