Бұл ынтымақтастық қатысушылардың медиа және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамытуға және оқу және зерттеу үдерістерінде академиялық адалдық рөлін нығайтуға бағытталған.
«InfoSauattylyq» жобасы туралы толық ақпарат пен материалдар https://nu.kz.libguides.com/InfoSauattylyq сілтемесінде.
Нархоз Университетінің Ғылыми кітапханасы Назарбаев Университетінің әлеуметтік даму қорының қолдауымен «Медиа және ақпараттық сауаттылық» онлайн викторинасын өткізді. Викторинаға барлығы 42 оқушы қатысты.
Барлық қатысушыларға рахмет! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАР:
1 орын – Кристина Рябова, 3 курс, «Қаржы»
2 орын – Татьяна Стефанова, 1 курс, «Саясаттану»
3 орын – Никита Пан, 2 курс, «Ақпараттық технологиялар»
Жеңімпаздар сыйлық сертификаттарымен марапатталды.