Оқу құралында әлеуметтанудағы сандық және сапалық тәсілдердің дамуының салыстырмалы тарихына толығымен шолу жасалған. Сонымен қатар сандық және сапалық дәстүрлердің тарихи өзара әрекеттестігі, методологияның эпистемологиялық тамыры: неоканттық философиялық дәстүрі, әдістеменің тұжырымдамалық негізі, сапалы- сандық интерфейс: сапалық және сандық әдістердің үйлесуі, сауалнама зерттеу құралы ретінде және сұрақтардың жіктелуі секілді мәселелер толығымен қарастырылған.