2025 жылғы 16 ақпанда университет хабында Narxoz President’s Chess Cup командалық-шахмат турнирі өтті. Жарыс Нархоз Университетінің мектептері мен Narxoz College экономикалық колледжінің студенттері арасында ұйымдастырылды.
Турнирге тоғыз команда қатысты: әр мектептен екі команда және экономикалық колледжден бір команда. Жарыстың форматы швейцариялық жүйеге негізделіп, тоғыз турдан тұрды. Әр команданың құрамында үш жігіт және бір қыз ойнады.
Турнир қатысушылар үшін нағыз сынақ болды – олар стратегиялық ойлау қабілеттері мен командалық рухтарын көрсетті.
Турнир нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- 1-орын – Экономика және менеджмент мектебінің 1-ші командасы;
- 2-орын – Цифрлық технологиялар мектебінің 1-ші командасы;
- 3-орын – Гуманитарлық мектеп 1-ші командасы.
Жеке есеп бойынша үздік ойыншылар:
- Иса Амен, Экономика және менеджмент мектебінің 1-курс студенті.
- Диас Сабыржанов, Экономика және менеджмент мектебінің 2-курс студенті.
- Аслан Абдрахманов, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің 1-курс студенті.
- Фарида Азинаева, Экономика және менеджмент мектебінің 1-курс студенті.
Narxoz President’s Chess Cup турнирі студенттерге шахмат шеберліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік беріп қана қоймай, Нархоз Университеті мен Narxoz College студенттері арасындағы достық пен спорттық байланыстарды нығайтуға ықпал етті.