Ақпараттық сессия барысында компания басшысы Санжар Кенжеханұлы студенттерге платформаның пайдасы мен артықшылықтары туралы айтып, жұмыс іздеу кезінде қандай қателіктер жіберіп алмау керектігі туралы түсіндірді. Санжар түйіндемені дұрыс рәсімдеу туралы және жұмыс берушімен әңгімелесуден сәтті өту үшін не қажет екенін де айтып өтті.
Нархоз Университетінің студенттері 5000-нан астам жұмыс беруші тіркелген BEAM платформасына қатысты белсенді сұрақтар қойды.
BEAM командасымен бірге армандаған жұмысыңызды табыңыз!!!