"Болашақ" стипендиялық бағдарламасы Қазақстан азаматтарына әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқып, магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, Шетелде кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссияның мақұлдауымен резидентурада оқуына немесе қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді.
Бағдарлама 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ашылған болатын. "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектердің кәсіби тұрғыдан дамуына, мансап жолында табысқа жетуіне кепілдік беріп келеді.