2024 жылдың соңында Нархоз университеті мен Қытайдың Сиань Цзяотун университеті арасында халықаралық байланыстарды нығайту аясында жетекші сарапшылар мен білім беру бағдарламаларының жетекшілерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Сиань Цзяотун университеті тарапынан Шэнь Чживэй, вице-президент, У Фэн, Журналистика және жаңа медиа мектебінің профессоры, Софья Ушуруова, Құқық мектебінің профессоры, Пэй Руй, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Нархоз университеті тарапынан Айгерим Раимжанова, Даму және халықаралық қызмет жөніндегі вице-президент, Ермек Чукубаев, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы, Гульмира Султанбаева, «Саяси көпшілік коммуникациялары» білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор, Асия Кузембаева, магистратураның «Халықаралық қатынастар саласында Big Data қолдану арқылы модельдеу және болжау» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы қатысты.

Келіссөздер барысында мамандарды даярлау, халықаралық қатынастар және медиакоммуникация саласындағы жаңа үрдістер, сын-қатерлер мен инновациялық тәсілдер талқыланды, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері мен студенттерді бірлесіп даярлау мәселелері талқыланды. Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі – ынтымақтастықтың алғашқы қадамдары туралы шешім қабылдануы болды. Атап айтқанда, Сиань Цзяотун университетінің студенттері Нархоз университетінің Summer School-де қатысады, ол 2025 жылдың 5-15 шілдесі аралығында өтуі жоспарлануда. Сонымен қатар, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің Журналистика және коммуникация саласындағы Қысқы мектебіне студенттер мен оқытушылар қатысады, ол 2025 жылдың 26-28 ақпанында Алматыда өтеді.
Ынтымақтастық студенттер үшін жаңа білім беру мүмкіндіктерін ашады, олардың халықаралық мумкіндіктерін кеңейтеді және мәдениеттер арасында қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді, бұл болашақта басым салаларда бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу үшін негіз болып отыр.