11 маусымда Нархоз Университеті жаңа кампуста «Career Fair» ауқымды Бос орындар жәрмеңкесін өткізді! Қазақстан Республикасы нарығының 25-тен астам көшбасшы компаниялары Нархоз студенттері мен түлектері үшін жұмысқа орналасу және мансап үшін ең қызықты мүмкіндіктерді ұсынды.
Қатысушылардың арасында қаржы секторының, консалтинг, ритейлерлер, тасымалдаушылар, интернет-фирмалар, өндірістік секторында жұмыс жасайтын компаниялары да болды, атап айтатын болсақ: KPMG, Ernst&Young, Deloitte, PwC, AirAstana, Danone, Metro, Phillip Morris, Ritz Carlton-Astana және басқалары болды. Толық тізімді «Career Fair» сайтынан табуға болады https://career-fair.gr8.com/.
Іс-шараға 350-ден астам адам қатысты. Мұндай кездесулер – серіктестік байланыстарды кеңейтуге және жұмыс берушілерді Нархоз Университетінің студенттері мен түлектерінің мансабын дамыту үшін тарту тамаша мүмкіндік болып табылады.