Жаңалықтар

Нархоз Университетінің 3 курс студенті Искандер Юлдашев грэпплингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды

2024жылдың7-12қазан аралығында Астана қаласындаЖ.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Грэпплинг спорт түріненәлемчемпионаты өтті. Жарысқа осы спорт түрінен әлемнің30 елінен 1800-ден астам өкілі қатысты. Чемпионат екі бағытта өтті – Grappling және Grappling Gi – барлық жас топтары арасында (U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер).
Қазақстанжастар құрамасы 4 алтын медальдарды жеңіп алды. Жеңімпаздар қатарындаНархозуниверситетінің студенті Искандер Юлдашев бар, ол жаңа жеңісімен грэпплингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды.
"Менжастар арасындағы әлем чемпионатында 58 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алдым. Турнир барысында мен үш жекпе – жек өткіздім: біріншісі – Ресей өкілімен, екіншісі – испандық спортшы. Алтын үшін соңғы күресте мен Армениядан келген қарсыласпен күресуге тура келді" - дейді Искандер.
ОлЭкономика және менеджмент мектебінде 3 курсындаоқидыжәне университеттің жекпе-жек секциясында жаттығады.
Құттықтаймыз!
2024-10-18 10:56