Қазақстанда жыл сайын 31-мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 1997 жылы Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірінің құрметіне атаулы күн бекітілді.
Осы сәттен бастап Нархоз университетінде жыл сайын университет алдындағы аллеядағы Тұрар Рысқұловтың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
«Бүгін біз саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрмет көрсету үшін жиналдық. Бұл күні біз қатыгез қудалау мен әділетсіздік жылдарында зардап шеккендер мен қаза тапқандарды еске аламыз. Бұл күн біздің тарихымыздың ауыр беттерін, ешқашан ұмытылмас трагедияларды еске салады. Біздің бұл жерде болуымыз – репрессиялық жүйенің құрбаны болғандарға деген құрмет пен қайғы-қасіреттің белгісі. Бұл кез-келген уақытта және кез-келген қоғамда қорғалуы тиіс бостандық, әділеттілік пен адамның қадір-қасиетінің маңыздылығын еске салады. Бұл күні мен қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға және сақтауға қатысқандарға ерекше алғысымды білдіргім келеді», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Нархоз университеті Президентінің кеңесшісі Қанат Қожахмет.
Салтанатты іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Әуезов аудандық филиалының төрайымы Бәтима Ыбыраева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының директоры Төлепберген Болатбек, «Желтоқсан мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, желтоқсандық Аманғазы Кәріпжан, «Желтоқсан Туы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, желтоқсандық Үміт Босманова, «Желтоқсан ақикаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының жетекшісі, желтоқсандық Алмагүл Мұхаманова, «Желтоқсан-Алматы» ұйымының мүшесі, желтоқсандық Перуза Асылбек қатысты.
Іс-шараға сонымен қатар Нархоз университетінің әкімшілік-басқарушылық және профессор-оқытушылар құрамы, «Нархоз» колледжі мен әскери кафедраның өкілдері де қатысты.
Атап айтқанда, бұлар – Университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Октябрь Тұрсынжанов, әскери кафедраның бастығы Тілек Әбдірахманов, әскери кафедраның аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысушы, Қызыл Жұлдыз және II дәрежелі Айбын ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Хаммат Зиннатуллин.
Гүл шоқтары қойылғаннан соң рәсім бір минут үнсіздікпен және Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен аяқталды.