2024 жылдың 11-12 қазан күндері Нархоз Университетінің базасында «Конституциялық экономика: гуманитарлық білімнің пәнаралық саласы және көпсалалы оқу курсы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Конференция шеңберінде сарапшылар Қазақстанның экономикалық дамуындағы негізгі заңның құндылықтарын, ережелері мен нормаларын нақты жүзеге асыру, пәнаралық зерттеулер жүргізу және мамандарды оқыту сапасын арттыру мақсатында ХХІ ғасырдың басында Қазақстанда экономикалық қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеу саласында туындаған қағидаттық мәселелерді талқылап, шешімдерін әзірледі.

Пікірталасқа конституциялық құқықпен шектес гуманитарлық білімнің (экономистер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, цифрлық технологиялар мамандары) жетекші қазақстандық және шетелдік құқықтанушылар мен ғалымдары қатысты. Бұл конституционализм теорияларын ұтымды таңдауды, экономикалық орындылықты Конституциялық дамудың қол жеткізілген деңгейімен үйлестіруді, әртүрлі экономикалық факторлардың әсерін, мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде экономикалық институттар мен агенттердің қызметін, құқықтық, экономикалық, саясаттану және басқа да оқу курстарын оқытудың әдіснамасы мен әдістемесінің үйлесімін пайдалана отырып, «Конституциялық экономика» пәнінің терең және кешенді көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз етті.




Конференцияда экономиканың түрлі салаларындағы бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, адвокаттардың, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаумен айналысатын ҮЕҰ белсенділерінің қатысуы ерекше рөл атқарды.

Конференция аясында мемлекет және қоғам қайраткерлері, салалық министрліктердің, басқа да атқарушы билік органдарының өкілдері сөз сөйледі.

Спикерлер қатарында - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, з.ғ. д., профессор Ударцев СергейФедорович, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, з.ғ.д., профессор ШапакУнзила, Хэйлунцзян университетінің Заң институтының оқытушысы - ЧжанЮепин (Қытай, Хэйлунцзян, Харбин), Қонаев университетінің профессоры, з.ғ.д., профессор - Айтхожин Қабдулсамих Көшекұлы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің «Конституциялық экономика» курсы бойынша Конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының оқытушысы, з.ғ.д., профессор - БаженоваОльга Ивановна, «М.С. Нарикбаев атындағы университеті» АҚ Жеке құқық департаментінің профессоры, з.ғ.д., профессор - КаудыровТөлеш Ерденұлы, «М.С. Нарикбаев атындағы университеті» АҚ Конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры, з.ғ.д., профессор - ӘубәкіроваИндира Оралқызы,

Конференцияда келесі мәселелер қаралды:
- Қазақстандағы экономикалық қатынастарды конституциялық реттеу мәні және оны одан әрі жетілдіру бағыттары туралы;
- экономика мен саясаттың тұрақты корреляциясы кезінде негізгі заңды қолданудың экономиканың жұмыс істеуімен қарым-қатынасы туралы;
- қоғамдық таңдау доктринасының бастаулары туралы (Қоғамдық таңдау теориясы) Дж.-М. - Дж. Бьюкенен АҚШ - та және оның батыстағы және посткеңестік кеңістіктегі қазіргі жағдайдағы Конституциялық экономикадағы эволюциясы;
- Қазақстан үшін жаңа пәнаралық ғылыми саланың және«Қазақстан Республикасындағы Конституциялық экономика» оқу курсының түсінігі, мазмұны және әдіснамасы туралы;
- кейбір шетелдік жоғары оқу орындарында Конституция, экономика, саясаттану, заманауи ақпараттық технологиялар тұрғысынан ұқсас оқу курстарын зерттеу мен оқытудың әртүрлі тәжірибесі туралы;
- тиімді Конституциялық экономика - Қазақстан Республикасының орнықты дамуының іргетасы туралы;
- Конституциялық экономиканың жария құқықтық және жеке құқықтық реттеу: конституциялық, азаматтық және құқықтың өзге де салаларының тоғысында болуы туралы;
- Конституциялық экономиканың әлеуметтік негізі ретінде адамның және азаматтың еңбегі, құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ оның гендерлік басталуы туралы;
- Конституциялық экономикадағы мемлекет пен мемлекеттік басқарудың жаңа рөлі, оған бизнес өкілдерінің және басқа да азаматтық қоғам институттарының қатысуы туралы;
- монополистік қызметті шектеудің Конституциялық талабы және экономикалық қатынастардағы қылмыстық құқық шегі туралы;
- және тақырыптың басқа аспектілері.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.