Нархоз университеті Қабылдау комиссиясының жұмысы аясында 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ерте оқуға қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. Құжаттарды ерте тапсырған болашақ талапкерлер үшін бірнеше артықшылықтар бар.
Біріншіден, ЖОО таңдауға қатысты мәселе шешіліп, талапкерлерге ҰБТ-ға толық дайындалуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, кеңес беру, құжаттарды тапсыру және қолдау ыңғайлы, тыныш жағдайда және жазда түсуші абитуриенттердің арасынан кезексіз өтеді. Кеңес алуды онлайн, WhatsApp арқылы +7 777 776 8899 нөмірі бойынша, сондай-ақ оффлайн режимде Жандосов көшесі 55, Нархоз университеті ғимаратының 138 кеңсесінде алуға болады.
Үшіншіден, құжаттарды ерте тапсырған жағдайда, ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Нархозға түсуге қажетті балл жинаған жағдайда, ақылы бөлімге 10% жеңілдік беріледі.
Жоғарыда аталғандардан басқа, ерте оқуға қабылдауға құжат тапсырған талапкерлер Нархоз университетіндегі кейбір ашық дәрістерге қатысу мүмкіндігін алады, бұл оларға студенттік өмірмен жақынырақ танысуға ерекше мүмкіндік береді.
Бакалавриат білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 28 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
Ерте оқуға қабылдау бойынша кеңес алу үшін https://narxoz.bitrix24.site/crm_form_l8iay/ сілтемесі арқылы үлгіні толтыру қажет.