Жаңалықтар

NARXOZ PRESIDENT'S CUP-2024 теннис турнирі өтті

2024 жылғы 18-19 мамырда ЦСКА теннис орталығының базасында Қазақстан теннис федерациясының қолдауы бойынша екінші рет NARXOZ PRESIDENT'S CUP-2024 үлкен теннис бойынша жастар турнирі өтті. Ұйымдастырушы Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебі, ал іс-шараның серіктесі – RIXOS Borovoe қонақ үйі.
Спорттық іс-шара елімізде белсенді дамып келе жатқан спорт түрі ретінде үлкен тенниске назар аудару, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау ісіне бағытталған.
Жарысқа Алматы қаласының келесі жоғары оқу орындары мен мектептерінде оқитын 25 жасқа дейінгі кәсіби емес спортшылар және 9-11 сынып оқушылары қатысты: төрт ЖОО-ның (Нархоз университеті, KIMEP, ҚБТУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) студенттері және №149, №9, №22 мектептер, Алматы халықаралық мектебі мен Respect school-дың оқушылары.
Турнир жекелей разрядта, олимпиадалық жүйе негізіндегі екі жеңіліске дейінгі және екі категория, яғни Futures және Masters бойынша өтті.
Бірінші, екінші және үшінші орын алған ойыншылар Нархоз университеті атынан естелік сыйлықтар мен номиналы 20-дан 100 мың теңгеге дейінгі сертификаттар алды.
Ал Masters категориясы бойынша жеңімпаз RIXOS Borovoe қонақ үйінде демалуға арналған сыйлық картасымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Masters

1-орын– Аннаев Эзиз, Нархоз университеті

2-орын – Алданазар Ақерке, Нархоз университеті

3-орын – Заугольников Дмитрий, Нархоз университеті
Futures

1-орын – Альжанова Аида, KIMEP

2-орын – Баймағанбетов Аңсар, КБТУ

3-орын – Нығыметжан Әдемай, Нархоз университеті
Оқушылар арасындағы турнир

1-орын – Вилсим Даниэль, №22 мектеп

2-орын – Мурзашов Амир, Алматы халықаралық мектебі

3-орын – Бекзакир Абылайхан, №149 мектеп
Нархоз университетінде спорттық бағытты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені спорттық тәртіп пен жетістіктер студенттердің академиялық жетістіктеріне өз ықпалын тигізеді.
Университетті трансформациялау барысында «Дене шынықтыру» пәнінің форматы қайта қаралды, ендігі жерде Нархоз университетінің студенттеріне әр түрлі секциялар, сабақтардың уақыты мен кезеңділігін таңдау мүмкіндігі беріледі. Университетте әр түрлі спорт түрлерін қамтитын келесідей 11 спорт секциясы мен 10 студенттік команда жұмыс істейді: үлкен теннис, үстел теннисі, футзал, баскетбол, волейбол, чирлидинг, қазақ күресі, шахмат, жекпе-жек және еркін күрес.Университеттің құрама командалары үшін үздік жаттықтырушылар жұмысқа тартылып, студенттер қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысып жүр.
Нархоз – емдік-дене шынықтыру секциясына ие жалғыз университет. Жыл сайын Университет өз студенттері арасында «NARXOZ SPORT FEST» спартакиадасын, ал өз қызметкерлері арасында «ДЕНСАУЛЫҚ» атты спартакиада өткізеді. 2024 жылдың сәуір айында Нархоз университетінде Студенттік форум аясында «Сандық технологиялар» мектебінің студенттері арасында Сабақтарды брондауға арналған мобильді қосымшаны әзірлеу бойынша Хакатон өткізілді. Сол сияқты алдағы уақытта Нархоздың спорттық инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар өзгерістер жоспарланып отыр.