2024 жылдың 9 қазанында Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде 2-курс «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттеріне «Шоқан Уәлиханов пен Марко Полоның ізімен» тақырыбында қонақ лекциясы өтті. Ұйымдастырушылар – п.ғ.д., профессор Әндіржанова Гүлнәр Абылхайырқызы, ғылыми кітапхананың директоры Асанова Ақмарал Бековна.

Қонақ лекциясын қазақстандық шығыстанушы, мәдениеттанушы және философ, ф.ғ.к., профессор Еркін Ұланұлы Байдаров өткізді.

Еркін Байдаровпен кездесу студенттер арасында үлкен қызығушылық пен әсер тудырды. Үздік сұрақ қойған студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.