Жаңалықтар

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды

2021 жылы 9 сәуірде Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында Қазақ
күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды. Чемпионат 5 күн
ішінде өтті. 66 келіге дейінгі салмақта Шығыс Қазақстан облысы дене
шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық
бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ ұйымынан біздің
Нархоз Университетінің 2 курс студенті Абдрахманов Ғибрат («Әлемдік
экономика») өнер көрсетті. Бұл салмақта 47 спортшы бірінші болу құқығына
таласты.

Қарсыластарының көптігіне қарамастан, 6 жекпе-жектен кейін
Абдрахманов Ғибрат 2 орынды иеленіп, жарыстың жүлдегері бола алды.
Ғибрат - жан-жақты спортшы, ол қазақ күресінен күресуден басқа, Нархоз
Университетінің чирлидинг командасының мүшесі, бірнеше рет университетте
чирлидинг жарыстарында өнер көрсетті.
Біздің студент Абдрахманов Ғибратты жақсы нәтижемен құттықтаймыз
және одан әрі жарыстарда тек жеңістер тілейміз!