Жаңалықтар

Танымал заңгер және ғалым Марат Қоғамов Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің студенттері үшін дәріс өткізді

29 қаңтар күні Нархоз университетінде заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Марат Қоғамовтың қонақтық дәрісі өтті.
Кездесуге студенттер, оқытушылар және қылмыстық процесс пен юриспруденция мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық қатысушылар жиналды.
Дәріс барысында қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады:
• қылмыстық процестегі заманауи үрдістер – сарапшы өзекті өзгерістерді талдап, олардың құқық қолдану тәжірибесіне әсерін түсіндірді;
• құқықтық жүйедегі реформалар – профессор Марат Қоғамов қазіргі өзгерістерге сараптамалық баға беріп, олардың қоғамға ықтимал салдарын баяндады;
• жауапкершілік және құқық қолдану – қатысушылар қылмыстық құқықтың маңызды мәселелері бойынша түсініктемелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Нархозда жетекші мамандардың ашық дәрістері үнемі ұйымдастырылып тұрады. Бұл дәрістер студенттерге құнды білім, практикалық ұсыныстар алуға және өз саласының сарапшыларымен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік береді.