2024 жылдың 12-маусымында Халықаралық жоғары білім беру сферасындағы Times Higher Education рейтингтік агенттігі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу рейтингін Impact Rankings 2024 жария етті.
Рейтинг жоғары оқу орындарының 17 мақсатқа қол жеткізудегі прогресін көрсетеді. Бағалау келесі төрт көрсеткіш бойынша жүргізіледі: өзекті салаларда зерттеулер жүргізу, ТДМ-ның негізгі факторларын басқару, ЖОО-ның аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейлердегі рөлі, студенттерді тұрақты даму мақсаттары бойынша оқыту.
Times Higher Education Impact Rankings нәтижелері бойынша Нархоз университеті әлемдегі ең үздік 1500 университет рейтингінде өз позициясын сақтап қалды. Бұл қазақстандық университеттер арасындағы жоғары бәсекелестікке қарамастан бесінші жыл қатарынан орын алып отыр.
Жалпы рейтингке әлемнің 125 елінен барлығы 2152 университет қатысты, ішінде Қазақстаннан 26 ЖОО бар, бұл – 2022 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ғылым және жоғары білім министрлігі () қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингке енген негізгі индикаторлар білім сапасы, гендерлік теңдік және ТДМ мүдделері негізіндегі әріптестік болып саналғандығын атап өтті.
Негізгі (core SDG) және қосымша көрсеткіштер бойынша Нархоз университеті өз позицияларын жақсартты.
Естеріңізге сала кетейік, Нархоз университетінің базасында Қазақстанның тұрақты дамуын зерттеу институты бар, ол Университет пен одан тыс жерлерде де тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру және ілгерілету ісімен айналысады, қолданбалы зерттеулер жүргізеді және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.
Атап айтқанда, SKRI жобаларының бірі – өнеркәсіптік аумаққа жасыл желектерді отырғызу үшін ENVI-met бағдарламасының көмегі негізінде құрылған Фито-вегетациялық тосқауыл технологиясы, бұл ауаның өндірістік шаңмен ластану деңгейін 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
ТДМ-ның қол жеткізу ісіне студенттер қауымдастығы да белсенді қатысады. 2024 жылдың 12-маусымында Нархоз студенттерінің БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Еуропалық аймақтық филиалының директоры Арнольд Крейлхубермен кездесуі болып өтті. Кездесуге сонымен қатар Нархоз университетінің Халықаралық даму және серіктестік департаментінің директоры Әйгерім Райымжанова және Қазақстанның тұрақты даму институтының директоры Брендан Дюпре қатысты.