Жаңалықтар

Recycle BIRGE Алматыда 21 шілдеде экологиялық акция өткізеді

2024 жылғы 21 шілдеде Алматыда Recycle BIRGE қозғалысының кезекті экологиялық акциясы өтеді. Мұндай акция осымен 22-рет өткізілейін деп жатыр, мұнда алматылықтар бір жерде түрлі заттарды ары қарай қолдануға немесе қайта өңдеуге тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
Эко акция аясында түрғындардан қайта өңдеуге қайталама шикізаттар және қайырымдылық ұйымдарына беру үшін заттар (киім, кітап, аяқ киім, тұрмыстық заттар және т.б.) қабылданатын болады. Сондай-ақ кітап алмасу, өсімдіктер алмасу, эко жәрмеңке (қазақстандық экологиялық өнімді сату), Нархоз университетінен «Keep Cool» климаттық ойыны және Дармарка («Сен өзіңе қажет емес нәрсені әкелесің және өзіңе керекті нәрсені аласың») өтеді деп жоспарланып отыр. Қайта өңделетін заттардың тізімінде әдеттегі пластмасса мен макулатурадан басқа электронды қалдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, пенопласт, консерві банкалары және түрлі-түсті әйнек сияқты сирек кездесетін фракциялар да бар.

Іс-шараның бағдарламасы:
·Қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға қайталама шикізатты (қалдықтарды) қабылдау;
·REUSE-ге заттарды қабылдау;
·Дармарка;
·Кітап алмасу;
·Өсімдіктер алмасу;
·Эко жәрмеңке;
·«Keep Cool» климаттық ойыны
9 маусымда өткен осындай соңғы эко акция қала тұрғындарының экологиялық шараларға деген сұранысы жоғары екенін көрсетті. Акция басталғаннан бері 4 сағаттың ішінде 2 тоннадан астам қайталама шикізат пен 2000 кг қайта қолдануға болатын заттар жиналды, бұдан бөлек келушілер мен қолөнершілердің арқасында біршама зат екінші өмірге ие болды. Акцияға 1500-ден астам адам қатысты. Мұндай экоакциялардың ерекшелігі – бұл жерде келушілер қайта өңдеу үшін қайталама шикізатты және экологиялық таза жолмен кәдеге жарату үшін қажетсіз заттарды тапсырудан бөлек, жаңа білім ала алып, пікірлес адамдармен байланыса алады және эко қауымдастықтың қолдауына ие бола алады. Соңғы жылдары оңтүстік астанада қайта өңдеу пункттерінің саны күрт азайып, кейбір қайырымдылық жобалары жабылғандықтан, мұндай акциялардың маңыздылығы айтарлықтай өсті.
Күні: 21 шілде 2024 ж (жексенбі)
Уақыты: 12:00-ден 16:00-ге дейін
Акция Жандосов көшесі, 55 мекенжайы бойынша Нархоз университетінің аумағында өтеді (паркинг аумағы).
Экоакция Әуезов ауданы әкімдігінің және Нархоз университетінің қолдауымен өтеді.
Ұйымдастырушылар:
·Recycle Birge экологиялық қозғалысы
·Ecocity_kz эко белсендісі — Мүслімова Айгүл
·Заттарға екінші өмір сыйлайтын Dармарка жобасыны жасаушы Камила Акимбекова
2024-07-16 14:49