Жаңалықтар

Нархоз Университеті түлектер мен индустрия арасындағы байланыс үшін жаңа бағыт – Narxoz Networking ашты

2024 жылдың 20 қарашасында Нархоз Университеті Қазақстанның креативтік индустриялар Альянсымен бірге Narxoz Networking жобасының басталуына арналған алғашқы кездесуін өткізді. Осындай платформаны құру тәжірибе, білім және үздік тәжірибелермен алмасу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Әрбір кездесу қатысушылардың кәсіби және жеке дамуы үшін өзекті тақырыпқа арналатын болады.
Жоба бастамасы аясында «Креативтік индустрияларға инвестициялар» Meet-up өтті, онда Нархоз Университеті мен Almaty Creative креативтік индустрияларды дамыту орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Нархоз Университеті креативтік индустрия мәселелерімен ұзақ уақыт бойы айналысып келеді, біз саланың өсу әлеуетінің зор екенін көреміз. Университеттің миссиясы – барлық мүдделі тараптарды біріктіріп, бір-бірінің мәселелері мен сұраныстарын түсініп, өсу нүктелерін анықтау үшін институционалдық шешімдерді қолдау және қалыптастыру», – деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет.
Ынтымақтастық Қазақстандағы саланы дамытуға бағытталған, ал университетпен серіктестік студенттер үшін білім беру және мансаптық мүмкіндіктер жасайды.
«Білім – креативтік экономиканың негізі. Біз елдің жетекші университеттерімен ынтымақтастықта болуымызға қуаныштымыз, өйткені бұл жас таланттарға креативтік индустрияларда табысты мансапқа қажет білім мен ресурстар береді. Бүгін біз бұл миссияда Нархоз Университетімен бірге тағы бір маңызды қадам жасап отырмыз», – деп атап өтті Almaty Creative уақытша бас директоры Бахыт Елюбаева.
Қол қою рәсімінен кейін кәсіби қауымдастық өкілдері мен инвесторлардың қатысуымен «Қазақстандағы креативтік индустриялар үшін инвестициялық экожүйенің қиындықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында панельдік пікірталас және Анастасия Гончарованың «Қазақстанға импакт-инвестицияларды тарту үшін креативтік бизнесті бағалаудың жаңа тәсілдері» зерттеуін ұсынуы мен қазақстандық анимация, қолөнер, AI, digital және Game Dev саласындағы креативтік жобаларды питчинг өтті.
Келесі Narxoz Networking кездесуі 2024 жылдың желтоқсан айында өтеді.