Жаңалықтар

Нархоз университеті түлектердің сұранысы бойынша әлемнің топ-200 университетінің ішіне енді

Нархоз Қазақстаннан QS рейтингінде елеулі серпіліс жасаған жалғыз жоғары оқу орны.
Нархоз Қазақстаннан QS рейтингінде елеулі серпіліс жасаған жалғыз жоғары оқу орны.
2024 жылғы 5-маусымда QS халықаралық талдау агенттігі әлемнің үздік университеттерінің жыл сайынғы флагмандық рейтингінің нәтижелерін ұсынды (QS World University Rankings 2025), ол білім беру сферасындағы халықаралық рейтингтік циклдің басталуын білдіреді. Биыл рейтингке 106 ел мен аумақтан 1503 университет қатысып отыр.
Нархоз Қазақстанда 1001-1200 диапазонында орын алған, айтарлықтай серпіліс жасаған жалғыз жоғары оқу орны болды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы университет бұл рейтингке алғаш рет енді. Рейтингтің айрықша ерекшелігі деп келесі саналады: ендігі жерде жоғары оқу орындары тек жалпы позиция бойынша ғана емес, сонымен қатар жекелеген бағыттар бойынша да бағаланады. Сонымен бір мезгілде QS жоғары оқу орнының студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыру мен олардың бойындағы лидерлік қасиеттерді дамыту, жалпы серпінді өсулерін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын атап өтті.

Мысалы, академиялық репутация, жұмыс берушілер арасындағы репутация, оқытушылар мен студенттердің ара-қатынасы, шетелдік студенттер мен оқытушылар саны бойынша Нархоз әлемнің топ-1000 ЖОО қатарына сенімді түрде кіреді, ал оқытушылардан дәйексөз алу бойынша Қазақстанның ЖОО-лары арасында 6-орынды иеленеді. «Түлектердің жетістіктері» (Employment Outcomes) индикаторы бойынша Университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынға ие болып, әлемдегі топ-200 университеттің қатарына енді.
Мұның бәрі университеттің келесідей ішкі трансформациясы шеңберінде жүзеге асырылды: білім беру бағдарламаларының әр түрлілігі мен өзектілігін арттыру, халықаралық аккредиттеулерден өту және дипломдарының әлемде мойындалуы, дуальды бағдарламалар, қос дипломдық пен тағылымдамалық бағдарламаларды енгізу, шетелдік білімге ие оқытушы-практиктерді жұмысқа тарту, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл тәжірибесін жолға қою, сол арқылы түлектердің мансаптық перспективалары, жұмысқа орналасу сапасы мен старттық жалақының жоғары деңгейін қамтамасыз ету (өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға жоғары).
Айта кету керек, түлектердің сұранысқа ие болу деңгейі бойынша Нархоздың позицияларын бұған дейін «Атамекен» ҰКП Ұлттық рейтингтері мен Академиялық адалдық лигасының нәтижелері растаған болатын.
Ренат Бектұров. Фото «Астана» АХҚО Баспасөз қызметінің архивінен алынды.
«Нархоз университеті Бизнес-кеңесінің мүшесі ретінде түлектердің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылындағы оң өзгерістерді сенімді түрде атап өте аламын. Соңғы жылдары университет елдің жетекші компаниялары және бизнесімен стратегиялық әріптестікті белсенді түрде дамытып келеді, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары көптеп ашылуда. Университет АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығымен құқық саласы бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп жүр. Жаһандық білім беру бағдарламалары, түлектердің құзыреттілігін бағалау, тағылымдамалар санын арттыру, цифрлық сервис, бизнеспен бірлескен зерттеулер жүргізу, жұмыс берушілермен үздіксіз байланысу білім беру мен еңбек нарығының тығыз интеграциясына ықпал етеді», - дейді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров.
Ренат Бектұров Нархоз экономика, бизнес, ақпараттық технологиялар, қаржы мен құқық салалары бойынша оқытуды жүзеге асыратын елдің прогрессивті университеттерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, былай деді: «бұл түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, университеттің шетелдік рейтингтерде мойындалуы мен бизнестің бірлескен жұмысқа белсенді қызығушылығы негізінде расталады. Университет түлектері сыни және жүйелі ойлау, тек нәтижеге бағдар ұстау, заманауи цифрлық дағдылар иелену және командада жұмыс істей білумен ерекшеленеді. Бұлар жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілер тарапынан айрықша бағаланады».
Сергей Христолюбов. Фото Университет Баспасөз қызметінің архивінен алынды.
«Нархоз университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттерін QS World University Ranking-те, яғни әлемдегі үздік университеттер рейтингіндегі кезекті табысымен құттықтаймыз. Өткен жылғы рейтингте ЖОО 1201-1400 диапазонында дебют жасады, ал жаңа рейтингте келесі 1001-1200 диапазонына сенімді түрде ілгері жылжыды. Бұл позициялардың өсуі, ең алдымен, академиялық репутация, жұмыс берушілер арасындағы репутация, білім беру ортасының сапасы мен интернационалдандыру көрсеткіштері бойынша оң динамикаға негізделіп отыр», - деп түсіндірді рейтинг нәтижелерін Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша QS аймақтық директорыСергей Кристолюбов.
Сергей Кристолюбов «Түлектердің жетістіктері» индикаторы бойынша тамаша нәтижені айрықша атап өтті, ол бойынша Нархоз университеті әлемде 200-ші орында және жаңа рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші орында. Бұл студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыру мен олардың лидерлік қасиеттерін дамыту мәселелері бойынша ЖОО-ның жүйелі көзқарасын айғақтайды. «Бұл жетістіктердің артында Нархоз университетінің жетекшілері мен сарапшыларының үйлесімді жұмысы тұр, олар жоғары оқу орнының жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мен оның халықаралық аренада мойындалуын арттыру мәселелеріне барынша назар аударады», - деп қосты ол.
Қанат Қожахмет. Фото Университет Баспасөз қызметінің архивінен алынды.
«QS рейтингінің мәліметтері нақты, яғни реалды өмірге арналған лидерлерді даярлау мен дарынды жастарды оқуға тартуға бағытталған Университеттің дұрыс басымдықтарға ие екенін растайды, – деп атап өтті Нархоз университетінің Президенті Қанат Қожахмет. - Бұл Нархоз командасының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Команда жыл бойы жоғары оқу орнының позициясын едәуір жақсарту мен халықаралық деңгейде өсіп келе жатқан беделін нығайтуға бар күш-жігерін салды».
2007 жылдан бастап Нархоз университетін жүйелі трансформациялау ісімен академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше назар аударатын «Верный Капитал» компаниялар тобы айналысады. Бұл іс топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына кіреді. Университет коммерциялық емес ұйым болып саналады, оның қызметінен түскен барлық пайда ЖОО-ны одан әрі дамытуға жұмсалады.