«Нархоз университеті Бизнес-кеңесінің мүшесі ретінде түлектердің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылындағы оң өзгерістерді сенімді түрде атап өте аламын. Соңғы жылдары университет елдің жетекші компаниялары және бизнесімен стратегиялық әріптестікті белсенді түрде дамытып келеді, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары көптеп ашылуда. Университет АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығымен құқық саласы бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп жүр. Жаһандық білім беру бағдарламалары, түлектердің құзыреттілігін бағалау, тағылымдамалар санын арттыру, цифрлық сервис, бизнеспен бірлескен зерттеулер жүргізу, жұмыс берушілермен үздіксіз байланысу білім беру мен еңбек нарығының тығыз интеграциясына ықпал етеді», - дейді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров.
«Нархоз университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттерін QS World University Ranking-те, яғни әлемдегі үздік университеттер рейтингіндегі кезекті табысымен құттықтаймыз. Өткен жылғы рейтингте ЖОО 1201-1400 диапазонында дебют жасады, ал жаңа рейтингте келесі 1001-1200 диапазонына сенімді түрде ілгері жылжыды. Бұл позициялардың өсуі, ең алдымен, академиялық репутация, жұмыс берушілер арасындағы репутация, білім беру ортасының сапасы мен интернационалдандыру көрсеткіштері бойынша оң динамикаға негізделіп отыр», - деп түсіндірді рейтинг нәтижелерін Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша QS аймақтық директорыСергей Кристолюбов.
«QS рейтингінің мәліметтері нақты, яғни реалды өмірге арналған лидерлерді даярлау мен дарынды жастарды оқуға тартуға бағытталған Университеттің дұрыс басымдықтарға ие екенін растайды, – деп атап өтті Нархоз университетінің Президенті Қанат Қожахмет. - Бұл – Нархоз командасының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Команда жыл бойы жоғары оқу орнының позициясын едәуір жақсарту мен халықаралық деңгейде өсіп келе жатқан беделін нығайтуға бар күш-жігерін салды».