Жаңалықтар

Жатақханадан орын брондап қою

Қайырлы күн, құрметті студенттер! 

«Нархоз Университеті» КЕАҚ атынан Сізді оқуға түсуіңізбен құттықтаймыз және сізге үздік оқу тілейміз!

Сізге Нархоз Университетінің жатақханасы 613 орын екендігі туралы хабарлағымыз
келеді. Оқуға түсушілердің көп болуына байланысты, Сізден студенттер үйлерінен
орынды брондап қою формасын толтыруыңызды сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfhXk9smBrFaDjk2UwDS6p0fIaws_0mR6EEUCrXSTx_Jf6kfw/viewform

Естеріңізге сала кетейік, төсек-орынды түпкілікті алу төлем және келісімшарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жатақханалардың орындарын бөлу ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес анықталды.

Орналастыру туралы барлық ақпарат әр студентке қажетті төлем деректемелерімен жеке-жеке корпоративтік поштаға жіберіледі. Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Сіз келесі электронды мекен-жайға хабарласа аласыз: studentlife@narxoz.kz.

Рақмет!

Құрметпен, Студенттермен жұмыс жөніндегі Деканат!