Жаңалықтар

Knowledge Impact Hub кәсіпкерлік экожүйе хабтары үшін Негізгі бағдарламаны ұсынды

Knowledge Impact Hub кәсіпкерлік экожүйе хабтары үшін Негізгі бағдарламаны әзірледі.
Еске сала кетсек, Knowledge Impact Hub өткен жазда Қазақстанның Тұрақты даму зерттеу институты (Sustainable Kazakhstan Research Institute, SKRI) тарапынан Нархоз университеті жанында, Бирмингем университетімен және «Атамекен» ҰКП тұрақты даму жөніндегі жұмыс тобының өкілдерімен бірлесіп, кәсіпкерлік үшін тұрақты әрі инклюзивті орта құру мақсатында құрылған болатын.
Кәсіпкерлік экожүйе хабтары үшін Негізгі бағдарлама – осы мақсатқа жетудегі алғашқы қадам. Бұл құжат көпсалалы серіктестікті дамытуға, тиімді зерттеулер жүргізуге және Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес тұрақты инновацияларды дамытуға бағытталған кешенді модельді ұсынады. Ол зерттеу саласындағы ынтымақтастықты бағалау мен оның ықпалын анықтауға арналған құралдарды, бизнес үшін сараптамалық білімнің қолжетімділігі мен көрінуін арттыруды, сондай-ақ ауқымды және тұрақты инновациялық саясаттарды қолдауды қамтамасыз етуге арналған.
Кәсіпкерлік экожүйе хабтары үшін Негізгі бағдарлама сілтеме арқылы қолжетімді.