Ғылыми зерттеулер бөлімі 2021 жылдың 11 наурызында өтетін Narxoz Student Research-2021 конференциясына арналған ғылыми мақалалардың қабылдауын жариялайды.
Құрметті достар,
Ғылыми зерттеулер бөлімі 2021 жылдың 11 наурызында өтетін Narxoz Student Research-2021 конференциясына арналған ғылыми мақалалардың қабылдауын жариялайды. Нархоз Университетінің бүкіл бөлімдерінің бакалавриат пен магистратура студенттерін қатысуға шақырамыз.
Тематикалық бағыттар:
Қаржы және экономика
Кәсіпкерлік пен менеджмент
Құқық пен мемлекеттік басқару
Политология және социология
Тұрақты даму және экология
Рәсімдеу талаптары: .Doc, .docx форматындағы мақала мәтіні (макс. 2000 сөз) Үш тілдегі аңдатпа (150 сөзден аспайтын) Қолданылған әдебиет тізімі (APA стиліндегі кем дегенде 10 сілтеме) Өзіңіз жайлы ақпарат (аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны) Шрифт: Times New Roman, өлшемі- 12, интервал- 1,5.
Мақалалардың қабылдауы 2021 жылдың 12 ақпанға (осы күнмен қоса) дейін жалғасады. Мақалалар diana.baidollinova@narxoz.kz электронды поштасына «Narxoz Student Conference 2021» деген атпен жіберілуі керек.
Барлық жұмыстар анонимді шолу мен плагиатқа тексеруден өтеді. Шығармалар рецензенттің оң бағасын алғаннан кейін жариялауға рұқсат етіледі.