Жаңалықтар

Нархоздың экозертханасында газ талдағыш пайда болды. «Экология» білім беру бағдарламаның студенттері алғашқы өлшемдерді жүргізді

Гуманитарлық мектептің экологиялықзертханасында гранттық жоба аясында 5 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған ГАНК-4 портативті газ талдағышы орнатылды.
Бұл құрылғы атмосфералық ауаның бес элемент бойынша ластануын өлшеуге арналған: көміртек тотығы, азот тотығы, қатты бөлшектер (жалпы шаң), күкіртсутек және күкірт диоксиді. Ол зауыттан калибрленіп, тексерістен өтті. Бұған дейін Алматы университеттерінде мұндай жабдық болмаған.
«Экология» білім беру бағдарламаның студенттері нұсқаулықтан өтіп, университет аумағында ауа сапасын өлшей бастады.
NO₂ үшін ШРК (шекті рұқсат етілген концентрация) 0.200 болғанда алынған нәтиже – 0.020.
CO үшін ШРК: 5 болғанда алынған нәтиже – 2.4.
Шаң деңгейі үш рет өлшенді. ШРК: 0.500 болғанда:
  • Бірінші өлшем – 0.952,
  • Екінші өлшем – 0.737,
  • Үшінші өлшем – 0.732.
Бұл тәжірибе студенттерге осы жабдықпен жұмыс істеу дағдыларын алуға, сондай-ақ ауа сапасы туралы ақпарат жинап, оны зерттеулер үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Семестр бойы студенттер көшпелі сабақтар өткізіп, өлшеулер негізінде мақалалар, жобалар және басқа да жұмыстар дайындайды.
Нархоз Университетінде экологиялық ойлауды дамытуға арналған шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Мысалы, ақпанда режиссер Қанат Бейсекеевтің «Алматы? Смогпен өмір сүруге бола ма?» фильмінің көрсетілімі мен ауаның ластануы және оның салдары туралы пікірталас өтті.
2025 жылдың 31 наурызы мен 10 сәуірі аралығында ауқымды «Экофорум-2025» өтеді. Оның аясында бірнеше іс-шаралар жоспарланған:
  • 31 наурыз – Нархоз Университетінде «Экология және тұрақты даму» бойынша II халықаралық студенттік ғылыми конференция өтеді. Бұл конференция – академиялық диалогқа, идеялар мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ экология мен тұрақты даму саласындағы ғылыми зерттеулерді таныстыруға арналған алаң. Қазақстан мен Орталық Азия университеттерінің студенттері мен сарапшылары шақырылады. Конференцияға ғылыми, теориялық және эксперименттік сипаттағы жұмыстар ұсыныла алады. Қатысу үшін өтінім мен қосымшаны salimbaeva.rasima@narxoz.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат: сілтеме.
  • 1 сәуір – Нархоз университетінің студенттері арасында «Save Nature» ғылыми жобалар байқауы.
  • 2 сәуір – Алматы мен Алматы облысының 9-11 сынып оқушыларына арналған экологиялық олимпиада. Өтінімдерді 27 наурызға дейін elmira.boribai@narxoz.kz поштасына жіберуге болады.
  • 3 сәуір – «ZeroWaste – қоқысқа екінші өмір» эковыставкасы. Қайта өңдеу және қалдықтарды екінші рет пайдалану бойынша интерактивті стендтер, қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сыныптар, экотауарлар мен экопродукциялар, экология және тұрақты даму саласындағы сарапшылармен пікірталастар өтеді.
  • 5 сәуір – Медеу шатқалында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция.
  • 10 сәуір – экология және тұрақты даму саласындағы сарапшылар мен серіктестермен дөңгелек үстел.
Болашағымызға бейжай қарамайтын баршаңызды күтеміз!
2025-03-18 09:51