2025 жылғы 28 ақпанда Нархоз Университетінің мәжіліс залында Narxoz Business School-дың MBA «Актуарий» бағдарламасының түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Биыл бағдарлама бойынша 13 тыңдаушы оқуын сәтті аяқтап, MBA академиялық дәрежесін иеленді.
«Қолданбалы қаржы» бағдарламасы білім берудің тұрақты дамуына және ҚР Ұлттық банкімен, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен серіктестік қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосуда. Бұл ұйымдармен Нархоз университеті 20 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтас болып табылады.
«Нархоз Университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Булат Мукушев түлектерді осы маңызды оқиғамен құттықтап, олардың күрделі, бірақ маңызды жолды еңсергенін атап өтті: «Әрбір түлектің жетістігі – бүкіл университеттің жетістігі, ал альма-матермен байланыс мансап бойы мықты және маңызды болып қала береді».
Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Максим Киселев түлектер тек білім алып қана қоймай, бүкіл өмірі бойы оларды жетелейтін құндылықтардың тасымалдаушысы болатынын баса айтты.
MBA «Актуарий» білім беру бағдарламасының құрметті оқытушысы Ақжарқын Кныкова түлектердің жоғары дайындық деңгейі мен еңбекқорлығын атап өтті.
«Бағдарлама қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының және Қазақстанның жетекші сақтандыру нарығы сарапшыларының қолдауымен жасалды. Түлектер академиялық біліммен қатар кәсіби қауымдастық тарапынан тәжірибелік қолдауға да ие болды. Актуарийлер – сақтандыру компанияларының қаржылық тәуекелдері мен міндеттемелерін бағалайтын жоғары білікті мамандар. MBA «Актуарий» бағдарламасының түлектері Қазақстандағы актуарийлер қауымдастығының ресми мүшесі атанып, елдің сақтандыру нарығының дамуына айтарлықтай үлес қоса алады», – деп бөлісті Ақжарқын Қыныкова.
Narxoz Business School директоры Марина Образцова MBA «Актуарий» бағдарламасының Қазақстан нарығындағы жалғыз бағдарлама екенін атап өтті: «Түлектер бірегей маман атанды, олардың білімдері мен дағдылары жоғары сұранысқа ие болады. Нархоз университеті өз түлектерімен мақтанады және олардың да өз альма-матерін мақтан тұтатынына сенімді».
Өз кезегінде, Narxoz Business School түлектерге үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Қазіргі уақытта бизнес-мектепте MBA, Executive MBA және DBA бағдарламалары бойынша 200-ге жуық тыңдаушы білім алуда. Ақпанда Астана қаласында жаңа топ ашылды, ал болашақта Шымкент пен Қазақстанның батыс аймақтарында бағдарламаларды кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар, инновациялық бизнес-мектеп ғимаратының құрылысы белсенді жүргізілуде, оның есігі тыңдаушылар мен түлектер үшін әрдайым ашық болмақ.
MBA «Актуарий» түлектерін шын жүректен құттықтаймыз және кәсіби қызметте зор жетістіктерге жетулерін тілейміз!