Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобалар қоры мен Нархоз университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2025 жылдың 28 қаңтарында Нархоз университеті мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобалар қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Samruk-Kazyna Trust – «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық жөніндегі жалғыз операторы болып табылады және Қазақстанда ұлттық компаниялардың ресурстарын тарта отырып, ірі әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. Оның ішінде өткен жылы ҚР-ның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына көмек көрсету, қалалық инклюзивті ортаны дамыту, аутизм спектрі бұзылуы бар балаларға арналған екі орталықтың ашылуы және басқа да бастамалар бар. 2016 жылы құрылғаннан бері Қор 375 әлеуметтік жобаны іске асырып, 1,85 миллионнан астам бенефициарды қамтыды.
Меморандумға қол қою рәсіміне Қордың бас директоры Альфия Адиева және Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет қатысты.
Меморандум аясында Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебінің «Social Work» білім беру бағдарламасының студенттері Samruk-Kazyna Trust қорында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл оларға әлеуметтік жобалардың тиімділігін бағалау, іске асыру және мониторинг жүргізу дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Нархоз университеті Қазақстанда әлеуметтік саладағы жаңа буын кәсіби басқарушыларын даярлауға ұмтылады. Осы меморандум білім беру мекемесі мен елдегі жетекші әлеуметтік жобалар қоры арасындағы әріптестікті нығайтып, ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады.