Жаңалықтар

Еуразиялық орталық зияткерлік құқық бойынша халықаралық семинар өткізді

Еуразиялық орталық зияткерлік құқық бойынша халықаралық семинар өткізді
 
19 қарашада Нархоз Университетінің Еуразиялық экономика-құқық зерттеу орталығы біздің серіктестеріміз, Қырғыз мемлекеттік заң университетімен бірге «Интеллектуалды құқықтарды халықаралық құқықтық қорғаудың құқықтық аспектілері» атты халықаралық семинар өткізді (модератор з.ғ.к., Еуразия орталығының профессоры, Жанел Сайлыбаева, з.ғ.к., Жаңыл Бейшекеева, ҚМЗУ)
ҚМЗУ ректоры, з.ғ.д., профессор Бақтыбек Дженишбекұлы Рысмендеев және ҚжМБМ ЕЭҚЗО директоры, з.ғ.д, Нархоз университетінің профессоры Сулейманов Акиф Фирудинұлы құттықтау сөздерін жолдады.
ҚМЗУ мен Нархоз Университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің “Құқық” департаментінің оқытушылары:
  • шығармашылық қызмет нәтижелерінің халықаралық-құқықтық қорғау мәселелерін;
  • зияткерлік меншік құқығы саласындағы ұлттық және халықаралық заңнаманы қолдану тәжірибесін;
  • Еуразиялық экономикалық одақтағы зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін талқылады.
Біздің де студенттер мен магистранттарымыз белсенді пікірталасқа қосылды. Семинардың бейнежазбасын осы сілтеме бойынша тамашалай аласыз.