Жатақханадағы Бос орындар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 ж. №66 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына сәйкес конкурстық негізде бөлінетін болады. / сілтеме/
Бірінші кезекте орналасуға мынадай санаттар жіберіледі:
1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз Кәмелетке толғанға дейін қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ қандастары қоса беріледі;
3) " Мәңгілік ел жастары - индустрияға!"("Серпін-2050");
4) бірінші курсқа қабылданған, "Алтын белгі" белгісі бар білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе)конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар ұйымды үздік бітірген талапкерлер;
5) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің, пәндер бойынша немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балы бар білім алушылар;
6) білім алушылар қатарындағы шетелдіктер халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханадағы орындармен қамтамасыз етіледі.
Орналастыру туралы барлық ақпарат әр студентке қажетті төлем деректемелерімен жеке-жеке корпоративтік поштаға жіберіледі.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Сіз келесі электронды мекен-жайға хабарласа аласыз: studentlife@narxoz.kz.