Биылғы стипендиялық бағдарламаға үш зерттеуші қатысады, олар: «Пандемияның әйелдердің үйдегі ақысы төленбейтін жұмысына және күтім жұмыстарына әсері», «Гендерлік сегрегация және еңбек нарығындағы теңсіздік: COVID-19 әсері» және «Гендерлік статистика». 2020-2021 бағдарламасының зерттеушілері: 1. Ақбота Сәдуақасова, Экономика Магистрі, Қазақ-Германия университеті; 2. Альмира Табаева, Магистр, Назарбаев Университеті; 3. Тілеубаев Алишер, Магистр, Сүлеймен Демирел атындағы Университет. Зерттеушілер таңдаған бағыттар өте қызықты және өзекті.
GERC тобы профессор Мика Меурске Нархоз университетіндегі гендерлік экономика ғылыми-зерттеу орталығын дамытуға қосқан үлесі, қолдауы және көшбасшылығы үшін алғыс білдіреді. Стипендиялық зерттеу бағдарламасы Сорос-Қазақстан қоры қолдауы аясында өткізіледі.
Зерттеушілерге жемісті де қызықты жұмыс пен жақсы басылымдар тілейміз!