Жаңалықтар

Emen жатақханасындағы MindRush!Quiz викторинасы

22 ақпанда Emen жатақханасында 1-курс студенттері ұйымдастырған MindRush!Quiz интеллектуалды викторинасы өтті. Қатысушылар бес кезеңнен өтіп, тарих, Қазақстан мәдениеті, музыка, кино, өнер және басқа да салалар бойынша өз білімдерін, логикасын және ой-өрісін сынады.
Жеңісті «Алаш» командасы иеленді:
Амина Сауданбек – 1 курс, Экология
Ақнұр Сапар – 2 курс, Психология
Арсен Орынбас – 3 курс, Digital Engineering
Нұртілек Жақсылық – 3 курс, Digital Engineering
Викторина тек білім сынағы ғана емес, сонымен қатар жаңа жетістіктерге шабыт беретін шара болды. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қызықты сұрақтар мен достық атмосфераны ерекше атап өтті.
Әрбір іс-шара – көкжиегіңді кеңейтуге, өзіңді көрсетуге және жаңа жетістіктерге қадам жасауға мүмкіндік. Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Келесі интеллектуалды шараларда кездескенше!