Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

🌸Құрметті қазақстандықтар! 
Нархоз Университеті Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтайды! Құрбан айт - ізгілік мерекесі, елдің бірлігін күшейтіп, бауырластықты арттыра түсетін мейрам. Құрбан айт қайырым мен ізгілік, кешірім мен рақымшылық мерекесі ретінде әлемге бейбітшілік пен көркею, бақыт пен ниет тазалығын насихаттайды, болашаққа деген сенімімізді нығайта түседі. Әр отбасына мықты денсаулық, ынтымақ пен береке тілейміз. Әрбір шаңырақ қуаныш пен бақытқа толсын! Елімізде әрдайым тыныштық, бірлік пен келісім болсын! 

ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН! 
2021-01-12 20:34