2020 жылдың 19 қарашасында Нархоз Университетінің жыл сайынғы “Трансұлттық кәсіпкерлік құқық: шекараларды жою” атты екінші халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция IT, киберқұқық, электронды коммерция, трансшекаралық операциялар және салық заңдарына бағытталған. Конференцияға 200-ден астам корпоративті заңгер және заң кеңселерінің заңгерлері, сондай-ақ, Нархоз Университетінің Құқық пен мемлекеттік басқару мектебінің 50-ден астам студенті қатысады. Конференция орыс пен ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Ұйымдастырушысы - Нархоз Университетінің Құқық пен мемлекеттік басқару мектебі, ұйымдастырушы серіктес - Lincoln компаниясы. Қатысу тегін, тіркелу және толығырақ ақпарат осы сілтеме бойынша: https://narxozlaw.com/