Нархоз Университетінің Climate for Us студенттік ұйымы PGS Sustainable Award 2025 беделді сыйлығының аймақтық кезеңінде бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс оларға келесі кезеңге өтіп, Еуразия өңірін таныстыруға мүмкіндік берді.
PGS Sustainable Award 2025 әлемнің тоғыз аймағын қамтиды. Аймақтық кезең жеңімпаздары екінші кезеңге онлайн форматта қатысады. Үздік үш ұйым өз бастамаларын Нью-Йорктегі студенттердің жаһандық саммитінде таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Финалистер экологиялық жобаларын халықаралық деңгейде көрсетуге ғана емес, сонымен қатар өз бастамаларын жүзеге асыру үшін 2000 АҚШ доллары көлеміндегі грантты ұтып алуға да мүмкіндік алады.
Climate for Us ұйымын осы үлкен жеңісімен құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!