Нархоз университетінің оқытушысы Эльмира Борибай "500 ғалым" бағдарламасы бойынша Кастамону университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде
Нархоз университетінің "Экология" білім беру бағдарламасының профессоры Эльмира Борибай ғылыми-зерттеу қызметі аясында "500 ғалым" бағдарламасы бойынша Түркияның серіктес оқу орны – Кастамону университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында Кастамону университетінің ректоры Ахмет Хамди Топал және доктор Кутай Октаймен кездесу өтті. Түрік университетінің ректоры Қазақстанмен жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктес университеттер арасындағы академиялық байланысты дамыту қажеттігін атап өтті.
Кастамону университеті «Экология» және «Қоршаған орта және тұрақты даму» білім беру бағдарламаларының студенттері мен оқытушыларын академиялық ұтқырлық, алмасу, бірлескен зерттеулер мен жобалар жүргізу аясында қабылдауға дайын. Нархоз оқытушылары да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және экологиялық туризмді дамыту тақырыбында шетелдік ғалымдардың қатысуымен семинар өткізеді.
2025 жылдың сәуір айында Erasmus+ жобасы мен ынтымақтастық туралы келісім аясында Кастамону университетінің өкілдерінің жауап сапары өтеді.