Жаңалықтар

Нархоз студенттерінің командасы Бишкектегі Moot Court Competition on Digital Law байқауында жеңімпаз атанды

2024 жылғы 6-7 желтоқсанында Бишкекте Ала-Тоо Халықаралық университеті мен ЕҚЫҰ Бағдарлама офисінің қолдауымен ұйымдастырылған «Цифрлық құқық бойынша Moot Court» (Moot Court Competition on Digital Law) өтті. Бұл іс-шара құқықтық мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттер үшін цифрлық құқық саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға және көрсетуге арналған бірегей платформа болды. Moot court ағылшын тілінде өткізілді.
Moot court – бұл халықаралық арбитраждық істерді қарауды имитациялайтын құқықтық байқау. Құқықтану студенттері үшін бұл жай ғана сыныптан тыс іс-шара емес, өзіндік олимпиадалық ойындар болып табылады. Moot court-тар көбінесе командалық жарыстар болып табылады, онда қатысушыларға түрлі процессуалдық құжаттар мен дәлелдемелерден тұратын ойдан шығарылған іс (кейс) ұсынылады. Команданың міндеті – фабуланы және барлық ілеспе құжаттарды, соның ішінде тәжірибені талдап, өз меморандумдарын (жазбаша ұстанымдарын) дайындап, оларды ауызша турда қорғау. Халықаралық деңгейде студенттер судьялардың алдында өз ұстанымдарын ұсыну бойынша шетелдік университеттердің командаларымен жарысады.
Нархоз университеті екі командамен ұсынылған болатын, олардың құрамына Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің студенттері мен магистранттары кірді. Үшінші курс студенттерінен құралған команда, атап айтқанда, Моятдинова Маншук (Халықаралық құқық және қауіпсіздік бағдарламасы), Кабай Мадина (Халықаралық құқық және қауіпсіздік бағдарламасы) және Иманбаева Жанерке (Құқықтану бағдарламасы) «Талап қоюшының ең үздік меморандумы» номинациясында жеңімпаз атанды. Екінші команда құрамына магистранттар Жумалипова Айнур және Турдиев Ильяр кіріп, байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.
Талап арыздарды сауатты құрастырып, жағдайды талдау және заңды дәлелдер таба білу қабілеті - заңгердің маңызды қасиеті. Біздің студенттердің жеңісі олардың оқу барысында қажетті дағдыларды игергенін және кәсіби деңгейде ағылшын тілін меңгерген жоғары кәсіби заңгерлер болатынын көрсетті. Бұл жетістік - ҚМБМ оқытушы-профессорлар құрамының еңбегі мен оқу барысында алған білімдерінің нәтижесі болып табылады. Дайындық барысында студенттер мен магистранттар «Азаматтық құқық», «Халықаралық жеке құқық», «Халықаралық жария құқық», «Жеке деректердің құқықтық режимі» пәндерін оқып, алған білімдері мен дағдыларын қолданды. Командалардың жетекшілері PhD докторы, қауымдастырылған профессор Құсайынова А.К және заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Машимбаева Г.А болды.
2024-12-10 14:10