Жаңалықтар

Нархоз университеті мен ММУ-дің заң факультеті ынтымақтастық туралы өзара келісім-шарт бекітті

Халықаралық білім беру қызметтері нарығында даму және ілгерілету стратегиясы шеңберінде Нархоз университеті өз елдерінде ұлттық рейтингтердің лидерлері ретіндегі әлем университеттерімен байланысын кеңейту ісін жалғастыруда.
2024 жылдың маусым айында Нархоз университеті жанындағы Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының (ЕЭҚЗИ) директоры Берік Имашев пен профессор, ЕЭҚЗИ-ның Конституциялық экономика орталығының жетекшісі Виктор Малиновский М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетіне сапарлап барды.
Сапар аясында ММУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Александр Голиченков, «Конституциялық және муниципалдық құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сурен Авакян және жауапты орындаушы, «Конституциялық және муниципалдық құқық» кафедрасының ассистенті, з.ғ.к. Олег Болдыревтің қатысуымен екі жетекші университет арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Изображение выглядит как одежда, человек, костюм, в помещении

Автоматически созданное описание
Айта кету керек, келісім-шартқа қол қоюға Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі өз рұхсатын берді, онда осы құжат Нархоз университетінің халықаралық деңгейдегі мәртебесі мен беделін растайтын байыпты сараптамадан өтті.
Әріптестіктің негізгі бағыттары мен формалары ретінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғалымдармен алмасу, кафедралар мен басқа да ғылыми бөлімшелер арасында тікелей байланыстар орнату, жарияланымдар және ғылыми материалдармен алмасу, профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдардың ғылыми конференцияларға қатысуы болып айқындалды. Сонымен қатар барлық бағыттар бойынша бакалаврлар, магистрлер, аспиранттар мен докторанттарды даярлау ісін жетілдіру, ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу мақсатында ғылыми-зерттеу практикасынан өту, сол сияқты диссертациялық зерттеулерде ғылыми зерттеулер, эксперименттік деректерді өңдеу мен түсіндірудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың практикалық дағдылары саласындағы ынтымақтастық қарастырылған. Барлық бағыттар жұмыс бағдарламалары, оқу жоспарлары, тағылымдамалардың (практикалардың) жеке бағдарламалары, ғылыми конференциялар бағдарламалары және тараптар арасында келісілген басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Жекелеген іс-шаралар жақын арада нақты жүзеге асырылатын болады. 2024 жылғы 11-қазанда Алматыда «Конституциялық экономика: гуманитарлық білімдердің пәнаралық саласы және көп профильді оқу курсы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Сапар бағдарламасы аясында Берік Имашев пен Виктор Малиновский «Ресейдің қазіргі әлемдегі конституциялық-саяси дамуының жай-күйі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады, әрі «Конституциялық және муниципалдық құқық» кафедрасының мәзілісіне қатысты.
Изображение выглядит как мебель, текст, в помещении, презентация

Автоматически созданное описание