25 мамыр күні "Нархоз Университеті" КеАҚ ректоры м.а. Станислав Буянский мен
Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі QS компаниясының аймақтық директоры Сергей Христолюбовтың кездесуі болып өтті.
Кездесу аясында Университет қызметкерлерінің жетістіктерін QS рейтингінде көтеру мәселесі, сондай-ақ ЖОО қызметін бағалау жүйесінде жақын күндерде болатын жаңа өзгерістер талқыланды. «Рейтинг – бұл жай ғана сандар мен бағандардың көрсеткіші емес, бұл - жоғары оқу орындарындағы білімнің сапасы мен тиімділігінің көрсеткіші. QS аса беделді және ең маңыздысы - университеттердің қызметін шынайы көрсететін объективті рейтинг. Нархоз білім беру мен ғылым саласындағы қызметіне QS рейтинг жүйесін өзіне бағдар етіп алады, сондықтан да есеп жүргізу және өлшемдер жасау процесіне қатысады" - деп атап өтті Станислав Буянский.
QS World University Rankings өзінің жұмысын 2004 жылы бастады. 15 жылдан кейін ол www.TopUniversities.com. сайтындағы түрлі критерийлер бойынша университеттердің жетістіктері туралы салыстырмалы мәліметтер ұсынатын әлемге ең танымал ақпарат көзіне айналды. 2019 жылы сайтқа кірушілер саны 149 миллионға жеткен.